Жаңалықтар
Ақмарал Науатбек Тбилисиде топ жарып, чемпиондық атаққа қол жеткізді
- авторjambylinfo.kz
- 25 наурыз, 2025
- 1268

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, финалда Ақмарал Германиялық Изобель Таймен белдесіп, ұстау әдісі арқылы жеңіске жетті
Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы атағына лайық кимоно – есімі алтын түспен жазылған спорттық киіммен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмарал Париж паралимпиадасында 48 кг (J2 санаты) салмақта белдесіп, алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы парадзюдо бойынша паралимпиада чемпионы атанған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала