Оңтүстік Кореяның премьер-министрі қызметіне қайта кірісті
- авторjambylinfo.kz
- 25 наурыз, 2025
- 162

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты премьер-министр Хан Док Суға жарияланған импичментті жарамсыз деп танып, оны президенттің міндетін атқарушы ретінде қайта тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Импичмент бес дауыспен жоққа шығарылып, бір судья қарсы шықты.
Осылайша, Ұлттық ассамблеяның үш ай бұрын қабылдаған шешімі өзгертілді. Парламент бұған дейін Хан Док Суды елде әскери жағдай жариялаған Юн Сок Ёльдің әрекеттеріне қатысы бар деп айыптаған болатын.
Хан Док Су халыққа үндеу жасап, елдегі өзекті мәселелерді шешуге дереу кірісетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Сеул соты Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге көтеріліс ұйымдастырды деген айыппен шығарылған қамауға алу ордерін жойған болатын.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 3 желтоқсанында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізгенін жариялап, бұл шешімді "мемлекетке қарсы күштерге" қарсы күрес қажеттілігімен түсіндірген. Алайда алты сағат өткен соң, оппозиция басқаратын парламент бұл шешімді жоққа шығарды. Қаңтар айында заң шығарушылар президентке Конституцияны бұзды деген айып тағып, оған импичмент жариялады. Бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді Конституциялық сот шығарады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз