дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында жер үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

Ақмола облысында жер үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Сурет: ҚР ТЖМ
Өрт сөндірушілер апаттың себебін анықтап жатыр

Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты ауылдардың бірінде өртенген жер үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрттің себебі әзірге белгісіз. Өрт бүгін таңертең болған.

«Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт орын алды. Сағат 08.18-де өрт сөндірілді. Үйіндіні бөлшектеу барысында өрт орнынан 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 18 ақпан күні Астанадағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, бір әйел қаза тапқан болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар