Жаңалықтар
Ақмолада әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2023
- 307
Ақмолада әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді
Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді, деп хабарлайды Жамбылинфо «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
33 жастағы қала тұрғыны жүктіліктің 24-ші аптасында болған.
«Келіншек үйінде түсік тастап, дүниеге шетінеген бала келген. Ол ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген. Тергеу барысында әйел нәрестені жанып тұрған пеште өртеп жібергенін айтты»,—деп түсіндірді ведомство.Қазіргі таңда ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2025