жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды
Жақында Солтүстік Қазақстан облысынан (СҚО) сайланған 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Ақпаратты Сенаттың баспасөз қызметі растады. 13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген. Айта кетейік, Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алды. Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры; 2013-2017 жылдары – қалалық білім бөлімінің басшысы; 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар