сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қақпа алдындағы кездесу

Қақпа алдындағы кездесу
ашық дереккөзі
Қақпа алдындағы кездесу
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен «Қақпа алдындағы кездесу» аясында азамат бостандыққа шықты. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жаза мерзімін өтеген ер адамға бұл күні мекеме қызметкерлері бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат толыққанды ақпарат берді. Тиісті түсіндіру жұмыстары бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауына септігін тигізері сөзсіз. Өз кезегінде құқықтары және міндеттерімен толықтай танысқан жас жігіт алдағы уақытта қателікке жол бермейтінін атап өтті. Ол өз сөзінде қоғамнан тыс қалдырмай, бостандықтағы өмірге қайта даярлаған ҚАЖ қызметкерлеріне қамқорлықтары үшін ризашылығын білдіріп, өзінің туған-туысымен кездесуге асық екенін жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар