
Оның айтуынша, АҚШ Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге 4,5 миллион доллар бөлген,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Айтуларынша бұл салық төлеушілердің қаражатын тиімсіз пайдаланудың мысалы.
Бұған қосымша, Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігін (USAID) жабуды жоспарлап отыр. Олар бұл ұйымды қаржыны тиімсіз жұмсайды және америкалық азаматтарға пайда әкелмейді деп айыптауда.
Бұған дейін USAID түрлі халықаралық жобаларға қомақты қаржы бөлгені туралы хабарланған. Атап айтқанда, Сербиядағы теңдікті ілгерілетуге – 1,5 миллион доллар, Ирландияда мюзикл қоюға – 70 мың доллар, ал Колумбияда "трансгендерлік операны" қаржыландыруға – 47 мың доллар жұмсалған.
Бұл мәлімдемелер қазіргі әкімшіліктің АҚШ мүддесіне сай келмейтін немесе тиімсіз деп саналған халықаралық бағдарламаларға бөлінетін шығындарды қайта қарап, қысқартуға ниетті екенін көрсетеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мәулен Әшімбаев Илон Маскты үлгі етуге шақырды
Ұқсас жаңалықтар
Президент: ҮЕҰ-мен серіктестік қоғам дамуына ықпал етеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025