сенбі, 15 наурыз, 2025 19:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәулен Әшімбаев Илон Маскты үлгі етуге шақырды

Мәулен Әшімбаев Илон Маскты үлгі етуге шақырды
jambylinfo.kz
Сенат спикері Бюджет кодексін талқылау барысында үкіметке шығындарды оңтайландыру туралы ойлануға кеңес беріп, АҚШ-ты мысал ретінде келтірді.

Бюджет Кодексін талқылау барысында сенат спикері Мәулен Әшімбаев министрлерді Илон Масктан үлгі алуға шақырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"Олар жаңа министрлік құрып оған Илон Маскты басшы етті. Бұл ведомство мемлекеттік органдардың бюджетін қысқартумен айналысып, олардың тиімділігін талдайды және тиімсіз шығындарды жояды. Алдағы уақытта олардың үнемдеуге қалай қол жеткізетінін көретін боламыз. Бізге, әрине, өзге елдердің тәжірибесін көшірудің қажеті жоқ, бірақ шығындарды оңтайландыру туралы ойлану маңызды", – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұған жетудің екі жолы бар: Үкімет ұсынып отырған салық реформалары арқылы кірісті ұлғайту және бюджеттің теңгерімін сақтау үшін шығындарды қысқарту.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар