Жаңалықтар
АҚШ-та отырыс кезінде футбол жұлдызын атып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2021
- 232
АҚШ-та отырыс кезінде футбол жұлдызын атып кетті
Американың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында отырыс кезінде атыс болды
Салдарынан американдық футбол жұлдызы, 21 жастағы Аарон Лоу қаза тапты. Полицияның мәліметінше, Лоу Юта университетінің екінші курс студенті болған және ол клубта 22-нөмірмен өнер көрсеткен. Лоудан басқа, атыс кезінде тағы бір әйел зардап шеккен. Ол ауруханада ауыр халде жатыр. Тәртіп сақшылары жасырынып үлгерген қаскөйді іздестіруде. Штат губернаторы қайтыс болған спортшының отбасына көңіл айтты. Өткен жылдың желтоқсан айында Лоудың досы және командадағы серіктесі Тай Джордан да өлтірілген. Досының құрметіне Аарон 22-нөмірмен өнер көрсетуді шешкен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала