дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында малшыға найзағай түсті

Ақтөбе облысында малшыға найзағай түсті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында малшыға найзағай түсті
Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап. «Оқиға 24 шілде күні сағат 8:00 шамасында болды. Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында ер адамға найзағай түскен. Бұл кезде 41 жастағы азамат мал бағып жүрген. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ер адамның оң қолын, кеудесін, іш қабырғасын және оң аяғын күйік шалғанын хабарлады. Денесінің 15%-ы күйген. Зардап шегушінің жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биылғы мамыр айында Белогорка ауылында 15 жастағы жасөспірім мен 27 жастағы жігітке найзағай түскен. Бала сол жерде көз жұмды, ер адам ауруханаға жеткізілді.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар