Жаңалықтар
Шымкентте үш жасар бала үйдің ауласындағы бассейнге құлады
- авторjambylinfo.kz
- 25 шілде, 2022
- 288
Шымкентте үш жасар бала үйдің ауласындағы бассейнге құлады
Қайғылы оқиға өткен сенбі, 23 шілде күні болған. Түнде сағат 22-30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы бассейнге құлап кетті. Бассейннің тереңдігі – 1,4 метр.
"Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын үй алабында Сығанақ көшесінде болды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр. Аспирациялық синдром диагнозы қойылды. Мидың ісуі бар, комада жатыр", - дейді құтқарушылар.
Ал бір жарым сағаттан кейін жедел медициналық көмектен тағы хабарлама түскен. Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке құлап кеткен. Ол да шұғыл қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Төтенше жағдайлар департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала