сәрсенбі, 9 қазан, 2024 23:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды

Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды
Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында екі жүргізуші көз жұмды.
Оқиға 9 қазан күні болды. «SHACMAN» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан​ Ақтөбе қаласына қарай келе жатып,​ рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетті.
«Көлік Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «SHACMAN« автокөлігімен соқтығысқан.​ Апат салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ақтөбе облысының полицейлері​ қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдап, қарсы​ жолаққа шыққан кезде шұғыл маневрден аулақ болуға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз кызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada - Largus» көлігімен соқтығысқан. Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол туралы белгілер мен қоршаулар орнатылған.​
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар