Жаңалықтар
Чехияда қымбатшылыққа наразы мыңдаған адам шеруге шықты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қазан, 2022
- 248
Чехияда қымбатшылыққа наразы мыңдаған адам шеруге шықты
Прага орталығында «Кедейлікке қарсы» ұранмен өткен митингіге бірнеше мың адам жиналды. Үкіметтен көмек талап еткен шеруді Чехия кәсіподақтар конфедерациясы ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.
Олар қазіргі уақытта айына 644 еуроны құрайтын ең төменгі жалақыны көтеруді, сондай-ақ күнделікті тұрмыстық тауарлар бағасына мемлекеттік реттеуді енгізуді талап етті.
Айта кетейік, Ұлттық статистика ведомствосының мәліметінше, тамыз айында Чехиядағы бағаның өсуі жылдық мәнде 17,2 пайызды құрады. Шұғыл шара ретінде премьер-министр Петр Фиала бастаған оңшыл орталық үкімет қараша айының басынан бастап күшіне енетін үй шаруашылықтары мен шағын кәсіпорын үшін электр энергиясына және газ бағасына шектеу қойған болатын.
8 қазан күні Прагадағы Вацлав алаңына энергия мен азық-түлік бағасының өсуіне наразылық білдірген бірнеше мың адамды жиналды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала