сәрсенбі, 16 сәуір, 2025 8:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде 3 млн теңгенің трансформаторларын ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде 3 млн теңгенің трансформаторларын ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz
Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері үш трансформаторды ұрлады деген күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдікті наурыз айының соңында манипулятор жалдап, үш электр трансформаторын ұрлағаны анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бір жағдайда ер адам Алға қаласының маңында ұрлық жасаған.

Қалған екі жағдайда ол трансформаторларды облыс орталығында салынып жатқан кемпинг пен электр қосалқы станциясының құрылыс алаңынан ұрлаған.

Қылмыстан келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрады. Ұрланған трансформаторларды күдікті сатпақ болған. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция кәсіпкерлерді құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік объектілерінің аумақтарын бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға және ұрлықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етуге шақырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар