Жаңалықтар
1 мамырдан бастап Өзбекстан бағытында жаңа әуе рейстері ашылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 сәуір, 2025
- 218

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
1 мамырдан бастап қазақстандық QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Көлік министрлігі сілтеме жасап.
"Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Иракта құмды дауыл салдарынан әуежайлар уақытша жабылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 сәуір, 2025