бейсенбі, 10 сәуір, 2025 10:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Инклюзияға бетбұрыс: мамандар мен ата-аналар бір алаңда бас қосты

Инклюзияға бетбұрыс: мамандар мен ата-аналар бір алаңда бас қосты
Фото: Jambylinfo.kz
Кездесу «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбына арналды.

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Pikir» диалог алаңы аясында ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәселелеріне арналған маңызды жиын өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгінде облыс бойынша 10 мыңға жуық бала ерекше білім беруді қажет етеді. Олар үшін 26 арнайы білім беру мекемесі жұмыс істейді. Алайда осы уақытқа дейін бұл мекемелердің мамандары бір ортада бас қосып, тәжірибе алмасқан емес. Бұл жолы олар алғаш рет бір алаңда жиналып, маңызды мәселелерді ашық талқылады.

Шараға 300-ге жуық педагог пен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қатысты. Секциялық отырыстар барысында инклюзивті білім беру, оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағыттарында тәжірибе алмасу жүзеге асып, көкейкесті сұрақтар күн тәртібіне қойылды.

Жиынның қорытынды пленарлық бөлімінде ерекше балалардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуы жолында шешімін күтетін мәселелер көтерілді. Сала мамандары өз пайымдарын ортаға салып, нақты ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар алдағы жұмыстарға бағыт болмақ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар