Жаңалықтар
Ақтөбеде 9 сынып оқушысының қалтасынан 48 түйіншек есірткі табылған
- авторjambylinfo.kz
- 29 қаңтар, 2024
- 350
Ақтөбеде 9 сынып оқушысының қалтасынан 48 түйіншек есірткі табылған
Қаңтар айында Қазақстан бойынша синтетикалық есірткі таратқан 4 оқушы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Спикер атап өткендей, заңсыз есірткі сататын интернет-дүкендердің иелері жастардың, әсіресе, оқушылардың аңқаулығын пайдаланатын болған. Соның салдарынан елімізде есірткі бизнесіне тартылатын жасөспірімдер саны көбейіп келеді.
«Былтыр синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан астам жасөспірім мен кәмелетке толмаған балалар ұсталды. Осы жылдың басынан бері, яғни, қаңтар айында төрт бала анықталды. Күні кеше ғана жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ақтөбе қаласында орта мектептің 9 сынып оқушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде оның кеудешесінің қалтасынан жалпы көлемі 48 дана түйіншек табылды», - дейді Әмірханов.Спикер осы ретте есірткі таратқандар 14 жасынан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз