Жаңалықтар
Жамбыл облысында мас адам әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып шыққан
- авторjambylinfo.kz
- 29 қаңтар, 2024
- 331
Жамбыл облысында мас адам әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып шыққан
Жамбыл облысында күйеуі үйінен қуып шыққан әйел мен оның төрт бүлдіршіні дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігінің апталық брифингде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ішкі істер министрлігі 15-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырған. Қазақстанның түпкір-түпкірінде полиция тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама алған. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтаған. Іс жүзінде агрессорлардың барлығы немесе
95% әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай оқиғаның бірі Жамбыл облысында тіркелген.
«Жамбыл облысында мас күйеуі жанжал шығарып, әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып жіберген. Балалары бар әйел дағдарыс орталығына орналастырылды, ал «агрессор» 15 тәулікке қамауға алынды», - дейді Ақмарал Серікбаева.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024