Жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан әзербайжандықтардың қарызы кешіріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2025
- 1.1k
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің несиелік міндеттемелері банктер мен ББҰ-ның жеке қаражаты есебінен өтеледі.
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан әзербайжандықтардың қарызы кешіріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әзербайжанның банктері мен банктік емес несие ұйымдары 25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан азаматтардың несиелік міндеттемелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.
Шешім қаза болғандардың отбасыларына қолдау үшін қабылданған. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің несиелік міндеттемелері банктер мен ББҰ-ның жеке қаражаты есебінен өтеледі.
Келесі мақала
Метапневмовирус: Мектептерде шектеу енгізіле ме?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






