Министр шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім жайлы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 8 қаңтар, 2025
- 2.8k
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семей қаласында шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалидің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Біз әріптесімізге әрі қарай да көмектесе береміз. Оған оңалту, қалпына келу қажет, сондықтан қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деді министр.
Сондай-ақ Ғани Бейсембаевтың сөзінше, осы оқиғадан кейін бірқатар жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.
Атап айтқанзда, Семей қаласы әкімінің орынбасары сөгіс алса, қалалық Білім бөлімінің басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуына немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылған. Сонымен қатар, тағы үш директор тәртіптік жауапқа тартылған.
Еске саласақ, жаңа жыл қарсаңында Семей қаласының орталығында шырша құруға барған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқали биіктен құлап, жансақтау бөліміне жатқызылған болған. Дәрігерлер оған миына қан құйылып, бас сүйектері сынған деген диагноз қойған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз