сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 95,3%-ға жетті

Абай облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 95,3%-ға жетті
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2024 жылы Абай облысында жалпы ұзындығы 467 шақырым болатын 18 жаңа сумен жабдықтау нысаны салынды. Бұл шара 14 691 тұрғынды таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Семей қаласында Восход, Водный, Красный Кордон, Лодочный, Зағиптар қоғамы және басқа да аудандарға таза су жеткізілді. Сондай-ақ Жаңасемей, Абай, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Үржар аудандарында Половинки, Ақбұлақ, Бөрілі, Ерназар, Жетіжар сияқты ауылдарға су тартылды.

2024 жылдың соңына қарай өңірдегі сумен қамту деңгейі 92,8%-дан 95,3%-ға дейін көтерілді.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков 2025 жылы 26 жоба іске асырылып, ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға жететінін мәлімдеді.

«100% қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін 2025 жылы 26 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і 2024 жылдан ауыспалы жоба, 11-і жаңа жоба, оның ішінде 8-і Семейде және 3-і ауылдық жерлерде. Барлық 26 жобаны іске асыру 28 511 адамды қамтиды және сумен қамтамасыз ету 100% жетеді», - деп атап өтті Димитрий Гариков.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар