сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 16:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп пен Путин ақпанның соңында кездесуі мүмкін

Трамп пен Путин ақпанның соңында кездесуі мүмкін
Фото: Evan Vucci/AP
Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады

АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин ақпан айының соңында Сауд Арабиясында бас қосып, Украина мәселесін талқылауы ықтимал, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алдымен екі елдің жоғары лауазымды шенеуніктері Эр-Риядта кездесу өткізіп, мемлекет басшыларының келіссөздеріне дайындық жүргізеді. Кездесу барысында Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі басты тақырып болмақ. Бұл келіссөздерді Сауд Арабиясының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мусаед әл-Айбан үйлестіретін болады.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл келіссөздерге шақырылмаған. Ол Киевтің стратегиялық серіктестерімен алдын ала кеңеспейінше, Ресеймен келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді. Қазір Зеленский Сауд Арабиясында ресми сапармен жүр, кейін Түркияға баруды жоспарлап отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар