бейсенбі, 22 мамыр, 2025 23:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Air Astana Үндістанға ұшатын әуе рейстерін тоқтатуға мәжбүр болды

Air Astana Үндістанға ұшатын әуе рейстерін тоқтатуға мәжбүр болды
Фото: gov.kz
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады

Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатуға мәжбүр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әуе компания орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда.

Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз, – деп жазылған компанияның таратқан мәліметінде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар