Жеңістің 80 жылдығы: Ардагер Мүтәліп Ережепбаевқа құрмет көрсетілді
- авторБақытжан Бекболат
- 8 мамыр, 2025
- 195

Ардагердің құрметіне орай арнайы әскери шеру ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық сарбаз қатысты. Шара барысында сарбаздар сап түзеп, әскери тәртіп пен жауынгерлік рухтың үлгісін көрсетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл іс-шара – ел үшін от кешкен ардагерлерге деген құрметтің нақты көрінісі болды.
Салтанатты шараға 5513 әскери бөлімнің жеке құрамы мен бөлім командирі, полковник Кәдірбек Ғазиз Оңласынұлы қатысты. Сонымен қатар, Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасының аға прокуроры, майор Олжас Несіпбаев та ардагерді арнайы құттықтап келді. Шеруге Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 28903 әскери бөлімшесінің сарбаздары да қатысты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әуеге қарсы қорғаныс бөлімшесінің өкілдері де шараға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры Жанболат Алимбаев та қатысып, ардагерге құрмет білдірді.
Әскери шерудің салтанатты көрінісі мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуы ардагердің жүрегін тебірентіп, оның жанарына еріксіз жас үйірілді. Соғыс жылдарындағы қиындықтарды бастан өткерген майдангер үшін бұл – үлкен рухани демеу мен ұмытылмас құрметтің белгісі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 24 мамыр, 2025