жексенбі, 25 мамыр, 2025 3:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге қалдырылды

Биыл 20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге қалдырылды
Фото: Ақорда
Сондай-ақ, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады.

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, былтырдан жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие.

Қағидалар бойынша, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлем мерзімі кейінге қалдырылады.

2025 жылдың алғашқы айларындағы мәліметтерге сенсек, мерзімді әскери қызметке шақырылған 22,4 мың қарыз алушының 20,1 мыңының қарызы кейінге қалдырылған. Оның жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге жеткен. 

Төлем мерзімін кейінге қалдыру өтінішсіз беріледі: шақыру туралы деректерді Қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан соң банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді.

Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарламаны алысымен, күнтізбелік 15 күн ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ресімдеуге міндетті саналады. 

Ақпараттандыру жазбаша және онлайн режимінде жеке қатысу қажеттілігінсіз немесе қосымша келісімдерге қол қоюсыз жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады. Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.

Төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуды қаласа, қарыз алушы күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша өтініш жолдауға құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолдануды жояды. 

Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, төлем мерзімі кейінге қалдырылмайды. Төлем мерзімі автоматты түрде кейінгі қалдырылмаған жағдайда, әскери қызметші:

қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады;

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің қатарында әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыз беруге тыйым салуды енгізу бар.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар