Air Astana әуе компаниясы 21 наурызға жоспарланған рейстердің уақытша өзгертілгенін хабарлады
Бұл өзгерістер Лондондағы Хитроу әуежайының жабылуына байланысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы – Лондон және Лондон – Алматы бағытындағы KC663/664 рейстері 22 наурызға ауыстырылды. Жолаушылардан рейс мәртебесін әуе компаниясының ресми сайтынан тексеріп отыру сұралады.
Хитроу әуежайы 21 наурыз күні сағат 23:59-ға дейін жабық болады. Бұған электр қосалқы станциясындағы ірі өрт себеп болды. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші жұмылдырылып, оқиға орны қоршауға алынған. Оқиға салдарынан 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, ал 150-ге жуық адам эвакуацияланды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Боралдайдағы қойма өртке оранды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






