
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай кентінің өнеркәсіптік аймағында азық-түлік пен авто май сақталған қойма өртенді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрттің жалпы аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады.
"Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қойманың толықтай жанып кетуіне және жанындағы үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді", – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.
Өрт сөндіріліп, толықтай оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысының ТЖД-нің 34 қызметкері мен 13 техникасы, сондай-ақ Алматы қаласының ТЖД-нен 6 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз