Жаңалықтар
Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2022
- 282
Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ
Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы әкімдігі 2022 жылы тамызда гүл өнімдерін сатып алуға келісім шарт бекіткен. Бір көзден сатып алу тәсілі арқылы әлеуетті өнім беруші ретінде Gulder.kz ЖШС таңдалған. Санат Есшан жетекшілік ететін компания нарықта 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2022 жылы ақпанда бекітілген келісім шарттың бастапқы құны – 25 млн теңге. Осы жылы тамызда қосымша келісім жасалып, негізгі сомаға тағы 15 млн теңге қосылған. Қаржыландыру көзі – облыстық бюджет және республикалық маңызы бар қала бюджеті. Алматы әкімдігі гүл жеткізу қызметі бойынша екі жылдан бері Gulder.кz ЖШС жүгініп келеді. 2021 жылы екі тарап 22 млн теңгеге келісім шарт жасаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бірнеше мәселесі бір өтінішпен шешілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17