жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірнеше мәселесі бір өтінішпен шешілді

Бірнеше мәселесі бір өтінішпен шешілді
ашық дереккөзі
Бірнеше мәселесі бір өтінішпен шешілді
«AМANAT» партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағытының бірі - қоғамдық қабылдау қызметі. Қоғамдық қабылдау бөлмелері - партияның барлық филиалдарында тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Мәселен, партия Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініштерін айтып, қайырылатындардың қарасы қалың. Олардың  көтерген мәселелері оң шешімін тауып келеді. Жасыратынын жоқ, «AМANAT» партиясы халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналып, жергілікті тұрғындар құзырлы мемлекеттік органдар мен мекемелерден оң шешімін таппаған мәселелерін партия алдында көтеруде. Мұндай жұмыстар нәтижесіз де емес. Жақын арада облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 айдан бері азаматтық ала алмай жүрген қандасымыз Нұрбек Асанбаев келген болатын. Тараз қаласына көршілес Өзбекстаннан көшіп келген екен. Сол уақыттан бері Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының есігін қағып, баспалдағын тоздырғанымен ел азаматтығын ала алмапты. Азаматтық ала алмаған соң тұрақты жұмысқа да тұра алмаған Нұрбекке таныстары «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне бару туралы ұсыныс айтыпты. – Шынымды айтсам, партия облыстық филиалына бірінші рет келуім емес. Осыған дейін, балаларымды мектепке орналастыру бойынша келіп, облыс орталығындағы №36 орта мектепке қабылдатқан едік. Дегенмен азаматтық алу бойынша өтініш айту ойымызға келмепті. Танысымыз айтқан соң бірден келдік. Алты ай құр сенделгеніміз де артта қалды. Осы аралықта шешілмеген мәселеміз бір аптаға жетпей шешілді. Енді менің отбасым осы елдің толыққанды азаматы, – дейді Нұрбек Асанов. Бүгінгі күні Нұрбек жары Алтынай екеуі 3 бала тәрбиелеуде. Екеуінің де орта арнаулы білімі болса да азаматтықтары болмағандықтан әр жерде жалданып жұмыс істеп келіпті. Елім, жерім деп келген қандастарымыздың ендігі мақсаты тұрақты жұмысқа орналасу. Ол бойынша да «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалына өтіні қалдырыпты. – Нұрбек Асановпен жары Алтынай Қуанова бізге өтініштерімен келген еді. Шыны керек, әбден әбігерге түскен екен. Біз бірден құзырлы орган өкілдеріне шығып, мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал еттік. Енді бұл кісілер тұрақты жұмысқа орналасу бойынша өтініш тастады. Өтініш аясында қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарына ұсыныспен шыққан болатынбыз. Аталған мекеме бірнеше жұмыс орындарын ұсынып отыр. Қай жаққа орналасатынын өздері шешетін болады, – дейді «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үмітбала Ибраимова. Осылайша, бүтіндей бір отбасының бірнеше мәселесі бір өтінішпен шешілуде. Бұл орайда, қоғамдық қабылдау бөлмесінің нәтижелі жұмысын айтпай кетпеске болмас. Айта кетерлігі, аталған бөлмеге жыл басынан бері 3 622 өтініш түссе, оның 55 пайызы оң шешімін тапқан екен. Қоғамдық қабылдау бөлмесі алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстарын жалғастыра бермек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар