жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жергілікті маңызы бар 621 шақырым автожолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жергілікті маңызы бар 621 шақырым автожолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі
ашық дереккөзі
Жергілікті маңызы бар 621 шақырым автожолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиынға облыс әкімдігінің жауапты басқармасының басшылары, Тараз қаласы әкімінің жауапты бөлімдері қызметкерлері, сондай-ақ, ZOOM байланысы арқылы аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты. Шарада облыс көлемінде мемлекеттік бағдарламалар аясында автомобиль жолдары құрылысын іске асыру мен жергілікті және облыстық маңызы бар жолдардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, өңірде игерусіз жатқан жайылымдық жерлердің жалпы жағдайы оны мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да сөз болды. Басқосуда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мақашев баяндама жасады. Оның сөзінше, алдағы 3 жылдық жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін «АМАНАТ» партиясының сайлауалды платформасының бекітілген іс-шаралар жоспарына және облысты дамыту жоспарына сәйкес, 621 шақырым жергілікті маңыздағы автожолдарды орта жөндеумен қамтып, қанағаттанарлық деңгейін 99,5%-ға жеткізу көзделіпті. Келесі кезекте облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Бейсембайұлы Көпбосынов баяндама жасады. Басқарма басшысы 2021 жылы игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып, пайдаланудағы 252,3 мың га жайылым жерлердің 106,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл 153,5 мың га қайтарылғанын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар