Жаңалықтар
Алматы облысында лай көшкіні тұрғын үйлерді басып қалған
- авторjambylinfo.kz
- 28 ақпан, 2023
- 319
Алматы облысында лай көшкіні тұрғын үйлерді басып қалған
27 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні болды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші пультіне сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының «Бурабай» коттедж қалашығында лай көшкіні болғаны туралы хабар түсті.
«25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды. Бір үйдің терезесін зақымдап, лай ішкі бөлмелерге енсе, екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды», – деп хабарлады ведомстводан.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала