Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады
2023 жылғы 1 шілдеден бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейс ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия министрлігіне сілтеме жасап.
«Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады», - делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала