сейсенбі, 26 қараша, 2024 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан

Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан
ашық дереккөзі
Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан
Қазақстанда сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% төмендеді. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық статбюро мәліметінше, экспорт та 16,7%-ға төмендеген. Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды. Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар