жұма, 30 мамыр, 2025 8:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы облысының Балқаш ауданында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл ауданында үш ер адам мал ұрлығына күдікті ретінде ұсталды.

Тергеуге Береке ауылынан 8 шақырым жердегі жайылымнан ірі қараның жоғалуы жөнінде жергілікті тұрғынның арызы түрткі болды. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы көлемі 2,4 млн теңгені құраған. 


Жедел шаралар кезінде Береке ауылы маңында Volkswagen Jetta көлігі тоқтатылып, оның ішінен екі ер адам мен мал еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және пышақ табылды. Кейін үшінші күдікті де қолға түсті. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу барысында бұл топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар