жексенбі, 6 қазан, 2024 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында жоғалған оқушы қыз 11 күннен кейін табылды

Алматы облысында жоғалған оқушы қыз 11 күннен кейін табылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жоғалған оқушы қыз 11 күннен кейін табылды
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданының 15 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен. «24 қыркүйек күні сағат 19:20 шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімшесіне 15 жастағы қыздың жоғалғандығы жөнінде хабарлама түсті. 51 жастағы Жібек жолы ауылының тұрғыны қызының екі күн бұрын яғни, 22 қыркүйек күні түнгі сағат 21:00 шамасында үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткенін жеткізді. Баласын ата-анасы іздеген. Бірақ таппаған. Екі күннен кейін ғана анасы полицияға хабар берген», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында. Қарасай ауданының полицейлері үйінен қашып кеткен оқушы қызды Қаскелеңнен Алматыға бағыт алған автобустан тапты. «Оқушының сөзінше, ол үйінен кеткен сәттен бастап базарда түнеген. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 15 жастағы қыз ата-анасының қолына берілді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар