жексенбі, 6 қазан, 2024 19:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі

Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі
ашық дереккөзі
Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі
Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді
Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы. «Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қаладағы вакцинация пункттерінің (медициналық мекемелердегі, сауда ойын-сауық орталықтарындағы) кез келгенінде екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады. Сонымен қатар тікелей эфирде пәтерден бөлек өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.», делінген ведомство хабарламасында. Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша Сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар