дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда 103 жастағы кейуана санақтан өтті

Алматыда 103 жастағы кейуана санақтан өтті
ашық дереккөзі
Алматыда 103 жастағы кейуана санақтан өтті
Санақ аяқталғаннан кейін осы аптада инструктор-бақылаушылар интервьюерлермен бірлесе отырып, әрбір есептік аймақтағы тұрғын үйлердің 10 пайызын қамтитын респонденттерге сауалнама жүргізеді. Бұл кезең 8 қарашаға дейін жалғасады және 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл шара сонымен қатар сұхбатшылардың әрбір тұрғын үйге барғанын және сауалнаманың барлық тұрғындар үшін толтырылғанына дәлел болады. «Наурызбай ауданындағы бақылау сапары кезінде «Шұғыла» шағынауданының жеке секторында инструктор-бақылаушылар 10 адамнан тұратын көпбалалы отбасын тіркеді. Отбасының ең үлкені 103 жастағы әже және оның 81 жастағы ұлы болды. Ауданның ең үлкен тұрғыны 1918 жылы дүниеге келген. Сұхбатшылар бүкіл отбасын санақтан өткізіп, біздің құрметті респонденттерге ұзақ және бақытты өмір тіледі»,- делінген хабарламада. Санақтан www.sanaq.gov.kz санақ сайты арқылы өтуге немесе қаланың 1446 нөміріне, ұялы телефоныңыздан 88000800878 нөміріне тегін қоңырау шалып, санақтан өтпегеніңізді хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар