дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан құтқарылды

ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан құтқарылды
ашық дереккөзі
ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан құтқарылды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 қараша күні сағат 14.00 шамасында Зайсан ауданында 3 шопанның бір отар қоймен жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғандай, таңертең Біржан ауылдық округі аумағындағы қыстақтан шыққан олар сол күйі қайтып оралмаған. «Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл келіп, іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде, отар қоймен далада адасып жүрген шопандардың бірі табылды. 2 сағаттан кейін құтқарушыларға екінші малшы жолықты. Көп ұзамай үшінші ер адам да аман-есен табылған», - делінген ақпаратта. ТЖД қызметкерлері шопандарды өтімділігі жоғары «КУНГ» техникасымен қыстаққа жеткізді. Олардың денсаулықтарына ешқандай зақым келмеген
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар