Алматыда алаяқтық жасаған адвокат 7 жылға сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 ақпан, 2025
- 190

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін адвокат сотталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев және қала тұрғындары Д.Тұяшев, Г.Сәкенова сотталды. Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.
Сот үкімімен Сәкеноваға – 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан басқа сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.