Алматыда автобус өртеніп кетті
131-ші автобустың жүргізушісі техникалық ақаулықты байқап, нұсқаулыққа сай әрекет жасаған. Ол автобус ішіндегі жолаушыларды аялдамаға түсіріп үлгерген. Кейін автобустағы ақауды жою үшін автопаркке бет алған. Жолда қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Отқа оранған автобустың нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалғаны белгілі болды. Автопарктің техникалық жай-күйін жоспарлы тексеру кезінде «Лиаз» маркалы автобустардың тозуы жоғары екені анықталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз