дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меккеде некесін қиған қазақстандық жұптың видеосы желіде қызу талқыда

Меккеде некесін қиған қазақстандық жұптың видеосы желіде қызу талқыда
ашық дереккөзі
Меккеде некесін қиған қазақстандық жұптың видеосы желіде қызу талқыда
Меккеде некесін қиған алғашқы қазақстандық жұп өздерінің қасиетті жердегі ерекше сезімдерімен бөлісті. Шаңырақ көтерген азаматтың сөзінше, бұл ең қуанышты күндегі естен кетпес, әрі тарих сәт екен. «Алланың қалауымен некемізді 12-ақпан күні Қасиетті Меккеде қидық. Өзім үнемі шет елде өткізсем деп ойлайтынмын, бірақ дәл Алланың үйінде, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) тікелей ұрпақтары біздің некемізді қияды деп ешқашан ойламаппын. Қасиетті Мекке қаласында бәрі Алланың қалауымен болады. Яғни бұл бізге жазылған тағдыр. Бұл біз үшін ең қуанышты күн, естен кетпес сәт, бізге тарих болып қалды. Ең қызығы некемізді осы елдің лауазымды шейхтары қиды. Олар үшін де бұл бір жаңалық болды. Бұрын соңды болмаған жағдай. Алла тағала бұндай бақытты көптің біріне бұйырмайды, бірақ Аллаға шүкір, біз өз елімізден бірінші болып, дәл осы Алланың үйінде, пайғамбар ұрпақтарының келісімімен некемізді қидық»,- деп жазды жігіт. Дереккөз: ZTB.KZ
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар