Жаңалықтар
Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті
- авторjambylinfo.kz
- 15 ақпан, 2023
- 701
Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті
Намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке барған. Намаз кезінде ол залдың ең соңғы қатарына жайғасады. Сол сәтте терезенің алдында жатқан күрткелерге көзі түседі. Намазға жиналған жамағаттың байқамай тұрғанын пайдаланып, күрткелердің бірін алып, қалтасын тексере бастаған. Әмияннан 600 доллар (270 мың теңге шамасында) тапқан. Сөйтіп ақшаны алып, әмиянды күрткенің қалтасына қайта салып, мешіттен шығып кеткен. Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді.
Дереккөз: Sputnik.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Елімізде тағы бір мереке пайда болады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






