дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ер адам өзін-өзі көлігімен қоса өртеп жіберді

Алматыда ер адам өзін-өзі көлігімен қоса өртеп жіберді
Сурет: видеодан скриншот
Оның 1 млн 300 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған

Оқиға 1 қазанда Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағының аумағында болған, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, содан кейін өзін өртеп жіберген.

Сағат 13.10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru көлігін тоқтатты. Көлік иесінің 1,300 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс, жүргізуші біраз уақыттан кейін осында қайтып келген. Жүргізуші көліктің ішінде отырып, көлік құралына, сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдап, өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірген.

Өзін өртеген азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Ал оның көлігін сөндіруге полиция қызметкерлері мен оқиғаның куәгерлері ат салысқан. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар