дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалім сабақты видеоға түсіріп, оны монтаждап, бөлісумен айналыспауы керек - Асхат Аймағамбетов

Мұғалім сабақты видеоға түсіріп, оны монтаждап, бөлісумен айналыспауы керек - Асхат Аймағамбетов
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Депутаттық айтуынша, бұл ұстаздың қызметтік функциясына кірмейді

24 kz-тің жазуынша, қазақстандық ата-аналар соңғы кезде оқушылар мен мұғалімдерді видеоға түсіріп, челленджерге қатыстыру үрдісінің көбейіп кеткенін айтып шағымданған. Осы мәселеге байланысты депутат Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Экс министрдің сөзінше, сабақты фото-видеоға түсіру мұғалімдерге де, оқушыларға да қолайсыздық тудырады. 

«Мұғалімдер сабақтарды немесе тәрбиелік іс-шараларды түсіріп, өңдеп, әлеуметтік желілерде жариялап жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Біріншіден, мектеп оқушыларының түрі рұқсатсыз жарияланып жатады. Мысалы, менің балаларымның түрі жарияланғанын қаламаймын, өйткені бұл балалардың жеке құқығы. Мұғалім балаңыздан оның фотосын немесе видеосын әлеуметтік желіде жариялау үшін рұқсат сұрауы керек. Екіншіден, бұл мұғалімнің негізгі міндетіне кері әсерін тигізеді. Мұғалім сабақты өткенін түсірумен, оны монтаждап, бөлісумен айналыспауы керек», – деп атап өтті Аймағамбетов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар