Алматыда Gakku дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді таптап тастады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2022
- 261
Алматыда күніне орай өткен Gakku дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Алматы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды. Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталып кеткен.
Бұдан бөлек, концерт өткен Алмалы ауданында 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит қоқыс жәшігі, екі камераның негізі қираған.
«Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі-жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Айта кетейік, күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады. Декоративті көгалдандырудың жалпы аумағы - 159 мың шаршы метр, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025