Жаңалықтар
Жамбыл облысының құтқарушылары ұйымдастырған қайырымдылық акциясы
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2022
- 305
Жамбыл облысының құтқарушылары ұйымдастырған қайырымдылық акциясы
Жалпы, еліміздің болашағы болып табылатын балалар әрқашан ересектердің қамқорлығында болуы тиіс екендігі баршаға мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялағаны да баршамызға белгілі.
Осыған байланысты Сарысу ауданы ТЖ басқармасы мен №16 Өрт сөндіру бөлімінің және Саудакент ауылдық бекетінің жеке құрамы да аталған іс-шарадан тыс қалмай, жанүяларға мектепке керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетті.
Аталған іс-шара аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді. Ал өз кезегінде балалардың ата-аналары мен туыстары құтқарушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025