Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасы әшкереленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 шілде, 2025
- 547
Қаржы мониторингі агенттігі Алматыдағы "Matic Basket" қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәліметтерге сенсек, ұйымдастырушылар өздерін "YouTube", "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды "Matic Basket" жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.
Салымшылардың салған ақшалары 5 мың теңгеден 1 100 долларға (574 596 теңгеге) дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.
Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.
"Осылайша, қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1 900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салынған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






