Қазақстандық әнші "Славян базары 2025" байқауының жеңімпазы атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 шілде, 2025
- 506
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 10-13 шілде аралығында Беларусь Республикасында "Витебсктегі Славян базары" XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Байқауға Қазақстан атынан Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысқан.
Финалда қазақ әншісі "Вечность" композициясын орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
Осылайша, Алмагүл Батталиева екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-приін иеленген.
Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен.
Алмагүл "Жас Қанат – 2023" фестивалі, "Алматым жүрегімде" сынды беделді музыкалық байқауларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. Сонымен қатар ол бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.






