сәрсенбі, 2 қазан, 2024 19:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыдағы хостел заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін - Бас прокуратура

Алматыдағы хостел заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін - Бас прокуратура
ашық дереккөзі
Алматыдағы хостел заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін - Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеді деген күдік барын айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Өрт салдарынан 13 адам көз жұмған еді. Олардың арасында шетелдіктер де бар. "Ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында (0-қабат) адамдар тұрған деген ақпарат тарап жатыр. Әрине, бұл заңға сәйкес келмейді. Себебі заңда тұрғын үй және тұрғын үй емес деген норма бар... Менің ойымша, ғимараттың астындағы қабатта адамдардың тұруы заңға қайшы келеді", - деді Жандос Өмірәлиев. Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95798/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар