сәрсенбі, 2 қазан, 2024 21:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне  7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді
Қазіргі таңда полиция бөлімшелерінде 341 жасөспірім және 336 тұрмысы нашар отбасы, 60 ата-аналық құқығынан айырылған немесе шектелген ата-ана есепте тұрады. Жыл басынан бері полиция бөліміне түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 6937 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді деп хабарлайды Жамбылинфо Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 339 ата-ана, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
- Біздің мақсатымыз - балалармен сенімді қарым-қатынас орнату. Ол үшін ата-аналар отбасында балаларына полиция қызметкерінің қиын уақытта әрдайым көмекке келетін досы әрі қорғаушысы екенін түсіндіруі өте маңызды. Себебі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер өз құпияларын ата- аналарына қарағанда полиция қызметкерлеріне сеніп айтқан жағдайлар аз емес. Бұл өз кезегінде болуы мүмкін бiрнеше ауыр жағдайлардың алдын алуға көмектесті, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға түнде болуға тыйым салынған ойын-сауық орындарына тексеріс жүргіздi. Мұндай мекемелердің 199 әкімшісіне заң бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 2 миллион 928 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айта кетейік, Жамбылдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз жүрудің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күн сайын профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары жастардың көп шоғырланатын және ойын-сауық орындарын тексереді, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне барады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар